ҚАТАРДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛМЕГЕН
Құқық бұзушы 2015 жылдың маусым айының 15 мен 20 күндері аралығында № 5547 әскери бөлімі атқыштар ротасының 3-ші взвод 3-ші бөлімше командирі келісім шарты бойынша қатардағы әскери қызметкер бола тұра дәлелсіз себептермен қызметке келмеген.
№5547 әскери бөлімінің атқыштар ротасының командирі бөлім командирі атына №5547 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметкер қызметке шықпағаны жөнінде баянат жазып, анықталып және іздестіру шараларын бағытнама хатқа сәйкес, азамат Алматы облысынан табылып, Қызылорда қаласындағы №5547 әскери бөліміне жеткізілген.
Бұл жерде, құқық бұзушы өзінің әскери қызметкері екендігін және демалыстан соң қызмет орнына келу керектігін біле тұра, бейбіт уақытта тиісті тәртіппен берілген демалыстан екі тәуліктен асатын, он тәуліктен аспайтын мерзімге әскери қызмет орнын өз бетімен тастап кетуімен жалғасқан, ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
Құқық бұзушы Р.Д ҚР ӘҚБтК-ның 652-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 49 550 теңге айыппұл салынды
Қызылорда қалалық мамандандырылған
әкімшілік сотының баспасөз қызметі