ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ диспетчерлік қызметіне «Ботақан» балабақшасынан қоңырау шалды. Балабақша қоршауының қалың темір шыбықтары арасында Ислам Янгибаев есімді 2011 жылы туылған баланың басы тіреліп қалғаны жөнінде хабар түсті.
Оқиға орнына бөлімше командирі Мұрат Сейітжановтың басшылығымен құтқарушылар дер кезінде жетті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ.
Барған бойда ойнап жүріп қоршаудың арғы жағына түсіп кеткен ойыншықты алмақ болған баланың басы қоршаудың қалың темір шыбықтары арасына тіреліп қалғанын анықтады. Балабақша қызметкерлері өз күштерімен шығара алмағандықтан құтқарушарды шақырған.
Бүлдіршіннің денесіне жарақат келтірмеу үшін құтқарушылар темір шыбықтарын кесіп арнайы құралмен араларын ашып бөбектің басын босатты.
Исламның ата-анасы мамандарға үлкен алғыстарын білдіріп жатыр. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Петровтың атына «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ұжымын білікті басқарып келе жатқаны үшін жасақ басшысы Б.Ембергеновке алғыс хат жолдады.