МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАНЫ ҮШІН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467 бабының 8 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Ш.-ның әкімшілік ісі қаралды.
Құқық бұзушы Ш. өз басқаруындағы автокөлігін көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольді масаю күйінде басқарған.
Әкімшілік іс құжаттарына тіркелген психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес Ш.-ның мас болу сатысы жеңіл дәрежеде екені анықталған.
Құқық бұзушының кінәсі толық дәлелденіп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467 бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі