КӘРІЗ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТАРТАМЫЗ ДЕП ЕКІ АДАМ КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНА ТҰНШЫҒЫП ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Қызылордада кәріз қалдықтарын тартудың соңы екі адамның өліміне әкеп соқтырды. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдай техникалық ақауға байланысты болған.
Оқиға күндізгі уақытта орын алды. Үш адам нәжіс қалдықтарын тартуға қаладағы жеке серіктестіктердің біріне жалданады. Бірақ жұмыс кезінде техникалық ақау болған екен. Оны жөндеу үшін септиктің ішіне жұмысшылардың бірі кіріп, көмірқышқыл газына тұншығып мертігеді. Ізінен түскен адам да сол мезетте көз жұмады.
Қайтыс болғандардың екеуі де – жасы 50-ге таяған азаматтар. Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының құтқарушылары арнайы тыныс алу құралдарын киіп, мүрделерді сыртқа алып шықты.
Талғат Тұрсанов,
«Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушысы:
- Біз құтқарушылар оқиға орнына барып, екі адам қайтыс болғанын анықтадық. Арнайы тыныс алу аппаратын киіп, құтқарушылар төменге түсіп, екі мәйітті алып шықты.
31 арна