АЛМАТЫДА БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ ЕСТЕЛІК ТАҚТАСЫНЫҢ АВТОРЫ ЖҰМБАҚ ЖАҒДАЙДА МЕРТ БОЛДЫ
Алматыда Батырхан Шүкеновтің естелік тақтасының авторы 20 жастағы суретші жұмбақ жағдайда қаза тапты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Əзірбек хабарлады.
"Ілия Əбдірашитов 16 тамызда таңғы сағат 4-те пəтердің терезесінен құлап кеткен. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Мүрде қалалық мəйітханаға жеткізілді", - деді баспасөз хатшысы С.Əзірбек.
Ілия Əбдірашитовпен қоштасу бүгін Бостандық ауданының әкімдігінде сағат 10.00-де өтеді.
Айта кетейік, жас суретшінің қазасы шығармашылық қауым ортасында үлкен толқу тудырды. Оның əріптестері Фейсбук əлеуметтік желісінде көңіл айту посттарын жариялауда.