ДҮКЕН ТОНАҒАН ҰРЫ 2 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қармақшы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен Б.У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұры түнгі мезгілді пайдаланып, Жосалы кентінде орналасқан Сырдария дүкеніне заңсыз кіріп, касса аппаратынан үш жүз мың теңге ақшаны және құны 510 теңге тұратын бірліктерінің карточкасын ұрлап кеткен. Дүкен иесіне үш жүз мың теңгеден аса мүліктік залал келтірген қылмыскер ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.