ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН КЕЗЕКТІ ІРІ ЕСІРТКІ АЛҚАБЫ ЖОЙЫЛДЫ
Қызылордалық полицейлер жедел-профилактикалық рейд жұмыстары барысында Шиелі ауданы №15 бекеттен оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жолсыз құмдардың арасында есірткі затына ұқсас өсімдік егіп жатқан Қызылорда қаласының 1978 жылы туылған азаматы құрықталды. Тексеру кезінде 3364 түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік және егу барысында қолданылған құрал-саймандары айғақ зат ретінде алынды. Анықталған 3364 түп сора өсімдігінің 3306 түбі өртеу жолымен жойылса, 58 түбі сот-сараптамалық тексеріске жолданды. Психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу сот-сараптамасы қорытындысы бойынша анықталған өсімдік сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті азамат аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.