ДҮҢГІРШЕК ТОНАМАҚ БОЛҒАН АЗАМАТ ҚҰРЫҚҚА ІЛІНДІ
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару орталығының полиция қызметкері 2015 жылдың 31 шілдесінде сағат 14.30 шамасында Әйтеке би мен Тоқтыбаев көшелерінің қиылысында орналасқан бейнекамера арқылы аумақты шолу барысында Әйтеке би көшесі бойында орналасқан коммерциялық дүңгіршекті белгісіз азамат сындырып, «тонау» сипатындағы іс-әрекеттер жасауға әрекеттеніп жатқандығын байқайды. Оқиға орнына жедел түрде жол-патрульдік полиция жасағы жіберіліп, нәтижесінде 1979 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Тексеру барысында, күдікті азамат дүңгіршек сатушысын қорқыту арқылы ақша талап етіп, кассадағы ақшасы мен билеттерін алып кеткендігі анықталды. Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, облыс орталығында орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында орнатылған 243 бейнекамераның көмегімен жыл басынан бері барлығы 136 қылмыстың беті ашылса, анықталған құқық бұзушылықтың саны 26464-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген.