ЖҰМЫС КАБИНЕТІНДЕГІ ӨРТ
ӨРТ – бұл қайғы. Бірақ барша жұрт өрт болған жағдайдағы не істеу қажеттілігі туралы қарапайым ғана ережелерді біле бермейді. Жұмыс кабинетінде өрт оқиғасы туындаса не істеуіміз керек?
Өрттің шығу себептері: отты пайдаланудағы аңғалдық, өндірістік құрал-жабдықтарды, электр құралдарын қолдану ережелерін сақтамау, заттар мен материалдардың өздігінен жануы, найзағай жарқылы, газ плитасын дұрыс қолданбау, әдейі өртеу, әр түрлі оптикалық заттарға шамадан тыс күннің түсуі.
Тіпті бала кезден белгілі - «101 нөміріне қоңырау соғу» - мұндай абыржу кезінде еске түсе қоймауы мүмкін. Сондықтан, осындай төтенше оқиға кезінде атқарылуы қажет бірнеше қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз. Басты ереже – ешқашан да дүрбелеңге салынбаңыз!
• Егер өрт сіздің кабинетіңізде орын алса, онда жеделдетіп, үйдегі телефонмен немесе ұялы телефонмен 101 өрт сөндіру мекемесіне немесе 112 құтқарушы мекемесіне хабарлаңыз. Терезе мен форточкаларды жабыңыз. Егер өзіңіз өртті сөндіруге қауқарыңыз жетпесе, онда тездетіп, мекемеден шығыңыз, есікті құлыптамай, жабыңыз.
• Көрші кабинеттегі әріптестеріңізді болған оқиға жайында хабарар етіңіз. Оларды басқа орынға көшірудің барлық мүмкіндігін жасаңыз.
• Электрқуаты мен желдеткішті ағытыңыз, сөндіріңіз.
• Қауіпті аймақтан шығып, әкімшіліктің немесе өрт сөндіру қызметкерлерінің айтқанын тыңдаңыз.
• Егер өрт көрші кабинетте орын алса, онда бірінші кезекте өрт сөндіру мекемесінің нөміріне хабарласып, жағдайды баяндаңыз.
• Бұл мүмкін болса, дәлізге шығып, одан сыртқа қарай көшеге кетуге тырысыңыз. Кетерден бұрын терезені және кабинеттің есігін жабуға тырысыңыз. Негізгі немесе екінші есіктен шығыңыз.
• Басқа орынға адамдарды көшірер кезде қалған өзге адамдарға да хабарлауды ұмытпаңыз, барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, олардың да сыртқа шығуына атсалысыңыз.
• Егер шығар жолдағы тепкішек басқыштар түтінге толы болып, шығу мүмкін болмаса өз кабинетіңізде қалыңыз. Есікті мықтап жауып, шүберек, киімдерді сулап, есікке жапсырып, терезені желдету үшін сәл ғана ашыңыз. Мықтап жабылған есік, түтін мен температураны біраз уақытқа дейін өз қалпында сақтауға мүмкіндік береді.
• Әкімшілікке өзіңіздің қайда екеніңізді хабарлаңыз, өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері келген кезде терезенің алдына барып, Сізге көмек қажет екендігі туралы белгі беріп, хабарлаңыз.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы