ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЙ ТОНАҒАН 3 ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ
Олар тұрғын-жайға терезені сындырып кіріп, бағалы алтын бұйымдарды қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеге бағаланды. Ал қолға түскен күдіктілер – 17-18-дегі өрімдей жастар.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылорда облысында «Пәтер» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның алғашқы күндері полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығына қатысты 6 дерек анықталып, аталған қылмыстарды жасаған 7 күдікті құрықталды. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл мақсаттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, деді облыстық ІІД бөлім басшысы Бақытбек Жарқынбаев.