ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ САҚТАП, ӨТКІЗГЕНІ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Қала тұрғыны өзінің тұрғылықты жерінде марихуана есірткі затын заңсыз сақтап, сіріңке қорабының біреуін 1000 теңгеден сатумен айналысқан, деп хабарлайды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Аудандық ІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында сотталушының үйін тінту кезінде үстіне киген киімдерінен, жем сақтайтын сарайынан, гараж ішіндегі мұздатқыштан жасыл түсті, ерекше иісі бар, шөп ұнтақтары аса ірі мөлшердегі марихуана есірткі заттары анықталып, айғақты зат ретінде алынған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 23 шілде күнгі үкімімен айыпталушы ҚР ҚК-тің 297 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.