ҚАЙЫРШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАНЫ ҮШІН ІСТІ БОЛА ЖАЗДАДЫ
Жаңақорған ауданында қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысқан өзбек азаматшасы үстінен әкімшілік іс қозғалды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері құжатын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасы азаматшасы Қазақстанға жеке шаруасымен келіп, 16 шілдеде Жаңақорған кентіндегі «Аққу» сауда үйінің алдында баласын ертіп қайыршылықпен айналысып жүрген.
Сотта Өзбекстан Республикасы азаматшасы қайыршылықпен айналысқаны туралы кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін көрсетті. Сот көрсетілген баптың санкциясында қамаққа алу жазасы болғандықтан, ал Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтындығын ескере отырып азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.