ҚОЙМАДА ОРЫН АЛҒАН ӨРТТІҢ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚАЖЕТТІ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ
2015 жылдың 18 шілдесінде сағат 14.55-те аудандық өрт бөліміне Аралтұз АҚ –да мұнай сақтайтын қоймасында өрт шықты деген хабар келіп түсті. Осыған байланысты, өрт бөлімінен 2 техника, 10 қызметкер өрт сөндіруге жұмылдырылды. Өрттің орын алу жағдайы үш азамат бензин сақтайтын бөлмеде шелекпен май құю кезінде туындаған. Аудандық ІІБ-де осы оқиғаға байланысты анықтау амалдары жүргізілуде. Бекетті шарпыған өрттен үш адам аудандық аурухананың жан сақтау бөлімшесіне ауыр жағдайда келіп түскен болатын.
Науқастар бөлімшеге түскеннен соң толық көлемде емдік шаралар жасалды. Сол күні ОМО-ның маман дәрігерлерімен кеңес алынды, телемедицинаға шақырылды, ОМО-нан травматолог және реаниматолог дәрігерлері шақыртылды, реаниматолог дәрігері тұрақты түрде науқастардың жағдайын бақылауға бөлімшеде болды. 21.07.2015 жылы Т.Құлмамбетов, 22.07.2015 жылы Б.Кекилбаев, Ж.Орынбасаров ОМО-ның реаниматолог дәрігерінің қорытындысымен ОМО-на санавиация желісі арқылы тасымалданды.
Оқиға болған күні кәсіпорын жанынан дереу комиссия құрылып, комиссия мүшелері зардап шеккен азаматтардың жанұясына, ата-ана, балаларына көмек көрсетуді қолға алды. Атап айтқанда, жанұя мүшелерінің ауруханаға тегін қатынауы, науқастардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі, 450 мың теңге көлемінде қолма-қол қаржылай көмек берілді. Керекті дәрілер Қызылорда, Алматы облысынан алынып, емдеу шаралары көрсетілуде. Екі науқастың жағдайы тұрақты, ал, бір қызметкер өкінішке орай қайтыс болды. Ол азаматтың үй ішіне қажетті көмек жасалып, жерлеу рәсіміне қолғабыс ретінде 1 млн тг қаржылай көмек көрсетілді.