ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕ ЖАРЫЛЫС ОРЫН АЛДЫ
Қызылорда облысында жанармай бекеті отқа оранды. Жанған аумақ «Аралтұз» кәсіпорнына тиесілі екен, деп хабарлайды КТК.
Куәгерлердің айтуынша, күндіз бекетте бір қондырғы атылып, соңы алапат өртке ұласыпты. Будақтаған түтін бірнеше шақырым жерден көрінді. Үш жұмысшы жалынға оранған резервуардан өздері шығып, ауруханаға да өз аяқтарымен жетіпті. Қазір барлығы Арал аудандық ауруханасында жатыр. Денелерінің 90 пайыздайы күйіп қалған азаматтардың жағдайлары өте ауыр. Туыстары оларды мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыруды өтініп отыр. Ал дәрігерлер хал үстінде жатқан сырқаттарды тасымалдайтын санавиацияның ұшағын шақырта алмай әлек.
- 85-95 пайыз күйік аудандық ауруханада емделмейді. Олардың бүйрегіне көмек керек, гемодиализ. Ол тек Қызылорда облыстық ауруханасында жасалады. Ең жоғары көмек Шымкенттің күйік орталығында. Бізге енді Қызылордаға жетіп алу керек, - дейді зардап шеккендердің бірінің туысы Гүлқияш Құлмамбетова.