АСТАНА-ҚЫЗЫЛОРДА БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰШАҚТА ЕР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
20 шілдеде «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақ бортында 65 жасар ер азамат көз жұмды деп хабарлайды BNews.kz. Қайғылы жағдай Қызылорда әуежайына қонып жатқанда орын алған.
«Эйр Астана» әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушы онкологиялық аурумен ауырған және әуе тасымалдаушы тарап хабардар болған.
- Әуе компаниясының ережелеріне сәйкес, ұшақ әуеге көтерілмей тұрып, жолдасы екеуі барлық жауапкершілікті өздерінің мойнына алатын мәлімдеме толтырды. Мәлімдемеде ұшу кезінде жолаушының ахуанына өзі жауап беретінін жазған. Әуе компания қайтыс болған азаматтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады, - деді «Эйр Астана» баспасөз хатшысы Тілек Әбдірахимов.
Ұшақ қонар кезде жолаушының жағдайы нашарлап кеткен. Ер адамды борт қызметшілері алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен ажалдан арашалап қалу мүмкін болмаған.
Айта кету керек, дәл осы күні Алматы-Мәскеу бағытындағы рейсін жолаушы әйелдің көз жұмуына байланысты Самарада қонуға мәжбүр болған.
Шынар БЕКБАН