ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ПАРА АЛУ КҮДІГІМЕН ҰСТАЛДЫ
16 шілдеде Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері жүргізген жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің Арал аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы полиция полковнигі азаматқа қатысты қылмыстық істі қысқарту үшін соңғыдан пара ретінде 300 мың теңге ақша қаражатын алу күдігімен ұсталды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні Арал аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 366 б. 2 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.