ҚҰЖАТСЫЗ МАШИНА АЙДАП, ЖОЛ АПАТЫ ОҚИҒАСЫНА ҰРЫНДЫ...
Азамат Е. көлік құралын басқару құжаты жоқ бола тұра, 29 маусым, 2015 жылы кешкілік «Mercedes Benz» автокөлігімен Шиелі кенті, Сейфуллин-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында қарама – қарсы келе жатырған «Gelly Emgrand» автокөлігіне соқтығысқан.
Сот отырысында Е. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы мән-жайды толығымен қуаттады.
Сот Е.-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 39 640 теңге әкімшілік айыппұл салды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі