4 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда қалалық №2 сотында аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, қайта өңдеп, иемденіп, сақтап, тасымалдаған сотталушы Ғ есімді азаматқа қатысты қылмыстық ісі қаралды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалпы салмағы 2018 грамм кептірілген марихуана есірткі затын қол сөмкесіне жасырған қылмыскер, Шымкент-Қызылорда бағытындағы автобусқа Қызылорда қаласына дейін жүргізушімен келісіп отырады.
Қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері туралы жедел мәлімет алған облыстық ішкі істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларымен жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатып, сотталушыдан есірткі затын тауып, тұтқындайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен дәлелдемелер жинау мақсатында сотталушы Ғ.-ның тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізгенде, қораның ішінен 3 дана газет қиындысына бөлек оралған, барлығы бір орында сақталған ерекше исі бар, жасыл түсті, шөп тектес белгісіз заттар табылған.
Оңай олжаға белшесінен батуды көздеген делдалдың әрекеті сотта толық дәлелденіп, Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.