ЖАЛҒА АЛҒАН ПӘТЕРІН САТЫП ЖІБЕРГЕН
Сотталушы 2015 жылдың ақпан айында жәбірленушімен танысып, бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде алдап алып, өзінің апасы науқастанып Алматы қаласында ем қабылдап жатқандығын, сол үшін апасының жеке меншігіндегі пәтерін тез арада каражат қажет болған соң сататындығы туралы жалған мәлімдеген.
Сотталушы азаматша жәбірленушіні сендіріп, өзінің жалға алған пәтерін «апамның пәтері» деп көрсетіп, тезірек ақшасын берсе, бір ай көлемінде құжаттарын рәсімдеп беретінін айтып, жәбірленушіге аталған пәтерді 1200000 теңгеге сатып, қаражатын бас пайдасына жаратқан.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63 бабы қолданылып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды. Үкім заңды күшіне енбеген.