ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНЫ ПОЛИЦЕЙДІ БӨТЕЛКЕ СЫНЫҒЫМЕН ЖАРАҚАТТАДЫ
Қызылордада өзін тәртіпке шақырған жол полиция қызметкеріне қол көтерген бұзақы қолға түсті. Жылдамдықты асырған ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісін жол потрульді қызметі тоқтатады. Осы сәтті автокөлік иесі полицейге күш жұмсап, сынған бөтелкемен полицейді жарақаттаған, деп хабарлады Today.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 25 жасар бұзақы жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұл құқық қорғау органы қызметкерлеріне соңғы бір апта ішінде көрсетілген бірінші қысым емес. Дәл осындай оқиға Шымкент қаласында болған-ды. Мас күйіндегі әйел полицейдің мұрнынан тістеп алған болатын. Бұдан бөлек БҚО полицейдің саусағын тістеп алған әйел туралы да жағдай тіркелген.
Шынар БЕКБАН