БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТЕКЕТІРЕС
Қызылордада балабақшада ауыр жарақат алған екі жасар қыз Софияға байланысты қайта сараптама тағайындалды. Бұл жөнінде прокуратурада өткен брифингте мәлім болды, - деп хабарлады «31 арна» тілшісі.
София есімді бүлдіршін «Райчик» атты шағын орталықтан үйіне бас сүйек-миы зақымдалып, көзінің айналасы мен маңдайы көгеріп қайтқан. Тәрбиешілер мұны жұмсақ жихазға құлап қалды деп түсіндірген. Құқық қорғау органдары қылмыстық құрамы жоқ деп істі қысқартып тастаған болатын. Ал, баланың сол күні-ақ қызуы көтеріліп, бірнеше күн ауруханада жатты. Қазірдің өзінде сәби ем алып жатыр. Көз дәрігері мен жүйке дәрігерінің жіті қадағалуында.
Оқиға болған күні тәрбиешілер жедел жәрдемге де, анасына да хабарласпапты. Қоғамда үлкен резонанс туғызғанын ескере отырып, прокуратура органдары істі жеке қадағалауына алатын болды. Сондай-ақ ішкі істер қызметкерлерінің жарақаттың жеңіл түрі деп берген қорытындысы қосымша сараптама арқылы тексерілетін болады.
Ерлан Бегімбаев,
Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары:
- София Манасыпованың дене жарақаты жеңіл түрде екені белгілі болған. Сондықтан қазіргі таңда жарақатын нақты қалай алғаны және оның денсаулығына қаншалықты зиян келгенін анықтау мақсатында қосымша сараптама тағайындалды. Сол сараптама қорытындысымен түпкілікті шешім қабылданады.