ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІН ТОНАҒАН ЕКІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
Қызылорда аудандық соттарының бірінде жанар-жағармай құю бекетіне шабуыл жасау процесі аяқталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сотталушы алкоголь ішімдік ішіп, екінші сотталушымен кездесіп, оның жеңіл автокөлігімен жанар-жағармай қою бекетіне келген. Сол жерде сотталушылар май құю бекетінің терезесін таспен қағып, май құюшы жәбірленушіден бензин құйып беруін сұраған. Жәбірленуші сыртқа шығып, ыдысқа бензин құйып беріп, ақшасын сұраған кезінде сотталушы екеуінің арасында ерегіс туындаған. Сол уақытта сотталушы жәбірленушінің артқы жағынан келіп, қолымен бір мәрте соңғының желке тұсынан ұрған.
Соққы салдарынан жәбірленуші есеңгіреп, май құю бекеті ғимаратының ішіне қашып кірген. Осы сәтте сотталушылар жәбірленушінің артынан қуып, маю құю бекетінің ішіне кіріп барған. Сол жерде сотталушылар ғимараттың ішінде тұрған сейфтің кілтін тауып алып, сейфтің ішінен 166 317 теңге ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалайды.
Олар жылдам ұсталып, тергеу амалдары мен сот өтті. Сот бірінің бас бостандығын 4 жыл мерзімге шектеді, ал екіншісінің мүлкін тәркілемей, үш жылға соттады.