ЕСЕНОВ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
29-нан 30 маусымға қараған түні сағат 00.03 минут шамасында күміс түсті автокөлік 1992 жылғы азаматшаны қағып, оқыс оқиға орын алған.
Нәтижесінде әлгі азаматша ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күнде ота жасалмақ. 1992 жылы дүниеге келген Айзада Танабай туысқанының үйінен әдеттегінше шығып жолдан өте бергені сол екен, күміс түсті автокөлік қағып кеткен. Екі шынтағымен жерді тіреп дөңгелеп құлағаным есімде, содан аяғым мүлде бастырмай жансызданып қалды дейді. Айзаданы алғашында қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Одан сон травматология бөліміне ауыстырған. Бүгінгі жағдайын дәрігерлер жабық бас сүйек жарақаты, миының шайқалуы, және жамбас сүйегінің сынуы деген диагноз қойған.
29-30 маусымға қараған түні болған оқиғадан зардап шеккен Айзада есімді қыздың әжесі «сол күнгі жол көлік оқиғасынан көргенім әлі есімде» деп қорқынышпен ойға алады.
Автокөлік иесі анықталып, енді тергеу амалдары жүргізілуде.