БҰЗАҚЫЛЫҚ НИЕТПЕН АДАМ ӨЛТІРДІ
Жуырда Шиелі аудандық соты бұзақылық ниетпен адам өлтірген сотталушыларға үкім шығарды.
Сотталушылар С. мен Т. спирттік ішімдік ішкен мас күйлерінде көшесі бойында келе жатып, сол көшеде автокөлігімен тұрған жәбірленуші М.-ны көріп, қасына барған. Сол жерде сотталушы С. жәбірленуші М.-мен сөйлесіп тұрып, мастықтың әсерінен болмашы нәрсеге бола сөзге келіп қалады. Осылайша сотталушы С. сөз араздығынан кейін бұзақылық ниетпен, жәбірленушінің бет тұсына бірнеше мәрте ұрып, оны жерге құлатқан. Сыбайласы Т. сотталушы С.-ға болысып, екеуі жерде құлап жатқан жәбірленуші М.-ның денесінің әр жеріне және басына жұдырықтарымен ұрып, аяқтарымен бірнеше мәрте тепкілеп, оны оқиға болған жерге тастап кеткен. Жәбірленуші М. өмірі мен денсаулығына қауіпті «ауыр» дәрежелі дене жарақаттары салдарынан сол оқиға орнында қайтыс болған.
Сөйтіп сотталушылар С. мен Т. бұзақылық ниетпен адамның өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекеті, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.
Сот үкімімен сотталушылар 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режидегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі