ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫНАН ҚАЗА БОЛҒАНДАР САНЫ 135 АДАМҒА ЖЕТТІ
Индонезияда "Геркулес" С-130 әскери-көліктік ұшақтың құлауы салдарынан кем дегенде 135 адам қаза тапты. Бұл туралы Detik жаңалықтар порталы хабарлады, деп жазады ТАСС.
"Адам Малик қалалық ауруханасына 135 адамның мәйіті жеткізілді", - деді журналистерге аталмыш медициналық мекеменің өкілі.
Оның сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың қайсысы әскери, қайсысы жергілікті тұрғын екені әзірге анықталмады.
Сондай-ақ порталда ажал құшқандардан қанша адамның ұшақта болғаны әзірге беймәлім екені хабарланады. Ал осыған дейін құлаған ұшақ бортында 12 экипаж мүшесі, сонымен бірге 101 жолаушы болғаны айтылған еді.
Қайғылы оқиға кеше, сейсенбі күні жергілікті уақытпен түс кезінде индонезиялық Медан қаласында орын алды. "Геркулес" құлаған жерде өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ "Голден Элеван" қонақ үйі шатырының үстінде жарылған. Құлаған кезде ұшақ бірнеше ғимарат пен көлікті жанап кеткен.
Апатқа байланысты Меданда Индонезияның ӘӘК өз қарамағындағы Hercules ұшақтарының олардың болашақта адам тасымалдауға қаншалықты жарамдылығын анықтағанша әуеге көтерілуіне тыйым салды.