СОТ ҚОҚЫС ТАСТАҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ АНАСЫН ЖАЗАЛАДЫ
Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қоқыс тастап, қоршаған ортаны ластаған қызылордалық жасөспірімнің ісі қаралды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оның кәмелетке толмаған ұлы қаладағы қоғамдық орында тамақ жеп, орамасының қалдығын лақтырып, ортақ пайдалану орындарын ластаған. Бұл әрекет ұсақ бұзақылыққа жатады. Сот ісі барысында құқық бұзушы өз әрекетін толық мойындап, бұзақылық жасағанына шын жүректен өкінетінін жеткізді.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК 331-бабы бойынша 3700 теңге көлемінде айыппұл салынды.