БАС ДӘРІГЕР МЕМЛЕКЕТТЕН БӨЛІНГЕН 2400000 ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРҒАН
Жалағаш аудандық прокуратурасымен «Жалағаш аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны қызметінде мемлекеттен бөлінген қаражаттардың жұмсалу заңдылығына тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерумен орталық ауруханының бас дәрігері өзінің қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттен бөлінген 2400000 теңгені жымқырғандығы анықталды.
Тексеру қорытындысымен аудандық аурухананың бас дәрігеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 176- бабының 4-бөлігінің «б», 177-бабының 3-бөлігінің «б,г», 314-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында аурухананың бас есепшісімен алдын-ала сөз байласуы бойынша мемлекетке жалпы сомасы 19 640 463 теңге шығын келтіргендігі белгілі болды.
Аудандық прокуратурамен қозғалған қылмыстық іс сот органына жолданып, Жалағаш аудандық сотының үкімімен бас дәрігер кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 5 жыл мерзiмге мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарды атқару құқығынан, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Алайда үкімнің орындалуы кәмелетке толмаған баласы 14 жасқа толғанша 5 жылға дейін кейінге қалдырылса, аурухананың бас есепшісі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 63-бабына сәйкес 3 (үш) жыл сынақ мерзімі белгіленді.