ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕР АДАМ 1 ЖАСАР БАЛА МЕН ЖҮКТІ КЕЛІНШЕКТІ АТЫП ӨЛТІРДІ
Қызылорда облысында бұрынғы әйелінің туысына қонаққа келген ер адам жүкті әйел мен оның бір жасар қызын атып тастады.
Бұл туралы Қызылорда облысының аға прокуроры Нұрлан Жаниев хабарлады.
Оқиға 13 маусым күні Жақаев көшесінде болған.
Ер адам өзінің бұрынғы әйелінің туысына қонаққа келіп, кейін үй иесімен сөзге келіп қалған. Содан соң, қонақ көлігінен аңшылық қаруын әкеліп, оқ жаудыра бастайды. Үй иесі оқтан сытылғанымен, 23 жастағы жүкті келіні мен 1 жасар немере қызын құтқара алмаған.
Сәби жедел жәрдем көлігі жеткенше шетінеп кетсе, жас келіншек жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Оқиға орнынан аңшылық қарудан атылған патрон гильзалар, кейін күдікті суға лақтырып жіберген қару да табылды. Ал полицейлерден жасырынған қылмыскерді табуға ОМОН жауынгерлері жұмылдырылды. Кісі өліміне кінәлі азамат полицейлерге біраз қарсылық көрсеткен.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.