АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!
Қызылордада жеке бастың ақпараттарын пайдалана отырып, ақша талап ететін алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды.
Бүгін таңертең осындай келеңсіз оқиғаға тап болған С. есімді қала тұрғыны жерлестерін алақтардың құрған тұзағынан сақтау мақсатында редакцияға хабарласты.
Оның айтуынша, таңертеңгісін ерте жұбайынның қалта телефонына бір бейтаныс нөмір хабарласып, өзін Алматы қаласының ішкі істер басқармасы қызметкері деп таныстырады. Телефон арқылы Алматы қаласында тұрып жатқан ұлдарының полиция қызметкерлерімен қамауға алынғанын айтып, оны бостандыққа шығаруға көмектесемін деген желеумен 3000 АҚШ долларын талап етеді. Бұл кезде басқа телефоннан ұлының ұялы телефонына хабарласып, оның аман-сау екеніне көзі жеткен азамат С. алаяқтан заңға қайшы қылығын доғаруды талап етеді. Тағы бір қызығы, қаскөй бұлардың үй телефонына да хабарласқан көрінеді. С-ның айтуынша дәл осындай оқиға жақында оның танысымен де болған екен.
Осыған орай жеке бастарыңызға қатысты мәліметтерді, банк шоттарына және мүлікке қатысты құжаттарды сенімді жерде ұстап, бөтен адамдарға немесе интернет желілерінде көрсетуден сақ болуға шақырамыз. Амал-айласына құрық бойламаған алаяқтарға алданып қалмаңыздар!
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА