ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 14 АДАМ СУҒА КЕТТІ
Дарияның басында дамыл жоқ. Ағыны қатты өзен жас пен кәріні талғамай жұтып жатыр. Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен, деп хабарлайды 24.kz.
Ата-ана қарауынсыз өздігінен өзен-көлге түскен 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Сырдария бойындағы қауіпті аймақтарды құтқарушылар жіті бақылап, ұдайы ескерту үн-парақтарын таратқанымен, тұрғындар тыйым салынған аумақтарға демалыс ұйымдастырып, спиртті ішімдік ішіп, суға түсуін доғарар емес. Көбінесе жастар жағы көпірлер мен бөгеттерден суға секіреді. Сондай-ақ қараусыз қалған және техникалық жарамсыз қайықтарды қолдану да қайғылы жағдайға душар етеді. Құтқарушылар суға түсу ережесін сақтамай, батып бара жатқан 9 адамды ажал аузынан аман алып қалған. Облыстың Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарында, тіпті, арнайы құтқару бекеті де жоқ. Мұның өзі қайғылы жағдайдың жиілеуіне әкеліп соғуда.
- Құтқарушылардың жеке құрамы жеткілікті деп айта алмаймыз. Станция Қызылорда қаласы мен Арал ауданында ғана бар. Құтқарушылар санын көбейту жөнінде жергілікті әкімдікке, министрлікке ұсыныс берілді, - дейді облыстық ТЖД суда құтқару қызметі ММ құтқарушысы Айдын Балманов.