ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БРАКОНЬЕР 33 КЕЛІ БАЛЫҚТЫ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аң шаруашылығы комитеті Қызылорда облысы бойынша аймақтық инспекциясы қызметкерлерінің қырағылығымен Шиелі-Иіркөл трассасында браконьерлер қолға түсті.
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейдтік тексеру кезінде «Мitsubishi» автокөлігі ұсталды. Онда Қызылорда облысының тұрғыны 33 келі балықты алып өтпек болғаны анықталды. Браконьер көлігінде 29 келі амур және 4 келі дөңмаңдай, сонымен қатар резеңке қайық пен үш аккумуляторы бар электрлі қармақ табылды.
Бұдан бөлек, Сырдария өзені жағасында Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Оның көлігінен қызыл кітапқа енген 3,5 келі арал қаязы және 4 спиннинг табылды. Жиналған материалдар құзырлы органдарға жіберілді.
Шынар БЕКБАН