КӨШЕГЕ ТАЛАСҚАН ЕКЕУДІҢ БІРЕУІ МЕРТ БОЛДЫ
Өткен сенбіде Қызылордадағы «Золотой дракон» мейрамханасы маңында кісі өлімі орын алды.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, «БМВ» автокөлігі «Мерседес» маркалы жеңіл көлікті жолдың жиегіне шығарып жібереді. Нәтижесінде екі жүргізуші сөзге келіп, ақырында травматикалық қарумен атысқан. Осылайша біреуі жараланып, екіншісі оқиға орнында жан тәсілім етті.
Сол күні қызылордалық полицейлер күдікті азаматты қолға түсірді. Ол 1977 жылы туылған қала тұрғыны. Жанында кім болғаны да анықталды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде.