КӨҢІЛ АЙТУДЫҢ СОҢЫ АТЫСҚА ҰЛАСТЫ
Көңіл айтудың соңы атысқа ұласты. Бұл туралы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жолдастарымен бірге таныс жігіттің қайтыс болған әжесіне көңіл айта барған сотталушы М.С. деген азамат пен жәбірленуші Р.Қ. арасында төбелес орын алып, соның нәтижесінде сотталушы М.С. автокөлігінде жатқан шолақ мылтығын алып, жәбірленуші Р.Қ-ке 2 рет оқ атқан, одан ол қашып бара жатқан кезде тағы да кеуде тұсы мен аяғына 2 рет атып, ауыр дене жарақатын салған. Уақытылы дәрігерлік көмек көрсетілгендіктен, жәбірленуші аман қалған.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотталушының өтініші бойынша іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 8 маусым күнгі үкімімен М.С. Қазақстан Республикасы ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) кінәлі деп танылып, 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.