ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 1 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ЗАТЫН АЛЫП БАРА ЖАТҚАН АЗАМАТТЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция майоры Қалмұрат Рахматуллаев пен полиция майоры Мақсат Ақылбаев «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының 38-шақырымында барлау жұмыстарын жүргізу барысында күдік тудыратын «Мерседес-бенц» үлгісіндегі автокөлігін тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын, көліктің ішін тексеру кезінде артқы орындығының төменгі жағынан күмәнді қара түсті полиэтилен орамасын байқайды. Пакетті ашып қарағанда өзіне тән ерекше иісі бар есірткіге ұқсас жасыл түсті зат анықталып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылады. Аталған затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 822 гр.-ды құрайтын «марихуана» заты екендігі анықталды.
Қазіргі таңда сезікті азаматтың жеке тұлғасы анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, облыс көлемінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде, анықталған есірткі қылмыстарының саны 3 есеге (35-тен 124-ке), оның ішінде есірткі затын өткізу 33 пайызға (15-тен 20-ға), есірткі алқаптарын заңсыз егу 100 пайызға (0-ден 4-ке) өсім алған.
2015 жылдың 5 айында заңсыз айналымнан 12 кг. 636 гр. есірткі заттары тәркіленді. Соңғы бес жылдың ішінде облыстық наркологиялық есебінде тұратын азаматтардың саны 40 пайызға, оның ішінде әйелдер саны 4 есеге төмендеу тенденциясы байқалады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі