ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БІРНЕШЕ ПӘТЕРДІ ТОНАҒАН ҰРЫЛАРДЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ
Қызылордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен біріге отырып, бірнеше мәрте пәтерлерді тонап, бой тасалап жүрген Шымкент қаласының 1981 жылы туылған тұрғынын ұстады. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті азамат өзінің сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, 2015 жылдың 3 сәуірі күні Қызылорда қаласындағы бір пәтер есігінің кілтін іріктеу арқылы ашып кіріп, 1000 АҚШ долларын, 780000 теңге көлеміндегі ақшасын және бірнеше дана бриллиант пен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушіге 3950000 теңге және 1000 АҚШ доллары көлемінде мүліктік шығын келтірген.
Осындай тәсілмен тағы да 6 пәтер ұрлығы қылмысын жасағандары анықталды. Бүгінгі таңда сезікті азаматтың бас шарасы қамауға алынып, ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында анықталғандай, сезікті азаматтың бір сыбайласы 1982 жылы туылған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласында абақтыға жабылып, бас шарасы қамауға алынды.
Сезіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-тергеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жоғарыда аталған екі азаматтың, тағы екі сыбайласының қатысуымен Шымкент қаласында да бірнеше пәтер ұрлықтары орын алғандығы анықталды.