ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕП БІТІРГЕНІНЕ 10 ЖЫЛ ТОЛҒАНЫН ТОЙЛАҒАН ЖАСТАР ЖОЛ АПАТЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
Қызылорда қаласында мектеп бітіргендеріне он жыл толуын атап өткен жас жігіттер отырған көлік апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды.
Оқиға қаладағы Әл-Фараби көшесінде таңғы 7.40 шамасында болған. «Мерседес» және «Киа» автокөліктері соқтығысып, салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды nur.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Киа» автокөлігінде жүргізушіден өзге ешкім болмаған. Ал келесі көліктегі бес адамның үшеуі көз жұмған.
«Қарауылтөбе» ауылында тұратын олардың жас шамалары 27-28 жас шамасында. Алайда, бұл апатқа қос жүргізушінің қайсысының кінәлі екендігі белгісіз.
"Үш адам ауруханаға түсіп, әртүрлі дене жарақаттарымен, қазіргі таңда оларға дәрігерлік көмек көрсетілуде. Менің ойымша жүргізушінің өзінің тәртіпсіздігі. Соның салдарынан біз қайғылы оқиғаға ұшырап отырмыз”, – дейді Қызылорда облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алтынбек Ахметов.