ҚАРЫНДАСЫН БЫЛАПЫТТАҒАНЫ ҮШІН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Жалағашта былапыт сөздермен қарындасының намысына тиіп, тынышын алған тұрғын жазаланды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта У. кінәсін мойындап, тамақ дайындамағаны үшін өз қарындасына былапыт сөйлеп, қорлап тиіскенін көрсетіп, бұл әрекеті үшін өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сотта жәбірленуші Ө. ағасының үйіне келіп, айқай-шу шығарып, жаман сөздермен балағаттағанын, мұндай жағдай бірнеше рет қайталанғанын, оны кешірмейтінін айтып, қамауға алуды сұрады. Аудандық сот шешімімен құқық бұзушы 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.