ІНІСІН ӨЛТІРГЕН ҮШІН СЕГІЗ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің туған інісін өлтірген сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Ағайындылар арақ ішіп отырып сөзге келіп қалған. Содан кейін үлкен ағасы асхана бөлмесінен алған пышақпен далаға шығып бара жатқан інісінің артынан бір рет ұрған. Жарақат алған інісі сыртқа жүгіріп қашқан кезде, ағасы артынан қуып барып, тағы арқа тұсынан пышақ салған. Сол жерде жүрегіне тиген пышақтың жүзінен інісі қайтыс болды.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындады, кешірім сұрады, інісі пышақты үйден бірінші өзі алып шықты деп ақталды. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.