БҰРЫНҒЫ ӘЙЕЛІНІҢ АЛТЫН БҰЙЫМДАРЫН ҰРЛАП КЕТКЕН
Жалағаш ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін тонап кеткен. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы Р. үйдің дәліз бөлмесіндегі шифоньерде тұрған дубленканың қалтасынан бұрынғы әйелі Ж.-ның 2 алтын сақинасы мен 1 алтын алқасын ұрлап, оған 37 000 теңге зиян келтірген. Басты сот талқылауында ол әйелінің әшекейлерін қайда сақтайтынын білетінін, таңғы уақытта барлығы ұйықтап жатқанын пайдаланып ұрлап кеткенін айтты.
Жәбірленуші Ж. бұрынғы күйеуінің басқа баратын жері болмағасын, үйіне қонуға рұқсат берген. Ал ол үнемі арақ ішіп келеді екен. Әйел соттан бұрынғы күйеуіне қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Нәтижесінде сотталушы 240 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылып, мәжбүрлі түрде емделетін болды.