ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨЛІ КИІКТЕРДІҢ САНЫ 10 МЫҢҒА ЖЕТТІ
Қостанай облысындағы өлі киіктердің саны 10 мыңға жетті, - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, киіктердің жаппай қырылған аймағында жүргізіліп жатқан мониторингтің нәтижесі бойынша, 17 мамыр күні жануарлардың жаңа өлекселері табылды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өлген киіктердің саны 10 мыңға жетті. Өлекселер жатқан аумақ 16 мың гектардан асып отыр.
"Амангелді ауданының әкімдігімен аумақта төтенше жағдай жарияланды. Оқиға болған жерде Қостанай облысы әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Оқиға орнына демалыс күндері ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев келді. Олар киіктердің қырылу аймағын әуе көлігімен қарап жүр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Амангелді ауданында жануарлардың қырылу себептерін анықтау және олардың өлу салдарын жоюға қатысты шараларды қабылдау мәжілісі өткізіледі. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының ақпаратына сай алдын-ала себеп пастереллез ауруы болып отыр. Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына ҚР АШМ аумақтық бөлімшелері мен әкімшілік қызметкерлері қатыстырылды. Бүгінгі таңда 5,3 мың киік жойылды. Бұл жұмысты жүргізу аймақтағы желмен қосылған қатты жауын қиындата түсті. Киіктердің өлекселерін жинау және жою жұмыстарына барлығы 458 адам мен 21 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін өңірлік ТЖД Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны 2584 басқа жетті деп хабарлаған болатын. Айта кетейік, Жалоба аумағындағы киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырылып жатыр. Оқиға орнында тәулік бойы аудандық ІІБ мен Аманкелді аудандық "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты жұмыс істеп жатыр.