«ҚЫЗЫЛОРДА-ПАВЛОДАР» ТАС ЖОЛЫНДА 98 АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
«Қызылорда-Павлодар» тас жолында 98 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып 24 кз мәлімдеп отыр.
2015 жылғы 17 мамырда сағат 06:20 минутта Қарағанды облысының ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Ұлытау ауданындағы «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 245-265 шақырымында қатты нөсерлі жаңбыр нәтижесінде пайда болған саз балшықтан техниканы эвакуациялау және көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпарат келіп түсті.
«Төтенше жағдай орнына дереу құтқару техникасы жіберілді. Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының күштері саз балшықтан 98 адамды (оның ішінде 15 бала) және 21 автомашинаны (5 микроавтобус, 15 жеңіл және 1 жүк машинасы) эвакуациялады»,- делінген хабарламада
Айта кетейік, кешкі сағат 17:30-дан бастап қазіргі уақытқа дейін ауа райы жағдайының нашарлауына және жол қабатын су шайып кетуіне байланысты Қызылорда облысының шекарасынан бастап Жезқазған қаласына дейінгі («Қызылорда-Павлодар» тас жолының 216-424 шақырым) учаскеде автокөліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы жабылды.