ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ ОТТАН АУЫР ХАЛДЕГІ ЕР КІСІНІ АЛЫП ШЫҒЫП ҮЛГЕРДІ
Бүгін сағ.10-02 мин кезінде Қызылордада «101» диспетчер тетігіне Г.Әділбековадан Құлтекенов көшесіндегі №96 үйде өрт болып жатқандығы жайлы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмысы қызметі» ММ №11 өрт бөлімінің қызметкерлері бесінші қабатында орналасқан үйдің терезесінен шыққан қалың түтінді анықтады. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 44 жастағы үй егесінен ыстық күйігін және оң жақ мойынның терең жарақатын байқады.
«Жәбірленушінің мойнын байлауға тура келді. Қан қатты кетті.», – деп бөлім басшысы жәбірленушіні төмен түсірді. Күйген адамды өрт сөндіру лестницасымен Ал-32 және Камаз – 53605 машинасында төмен түсірді.
Өртке қарсы қызмет капитаны А.Тлеуқабылова зардап шегуші мен екі балаға психологиялық көмек көрсетті. Құтқарылған ер кісіге дәрігер – терапевт, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты М.Нуржаубаева алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жіберді.
Өрт жою кезінде 42 адам көшірілді, оның ішінде 16 –сы балалар. Өрт сөндіруші қызметкерлердің мамандандырылған әректтерінің арқасында адам құрбаны болған жоқ. Өртті 40 минутта сөндіріп болды. 6 техника және Қызылорда облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамының 26 адамы қатысты.