ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
26 сәуір күні сағат 15.00 шамасында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының кезекші фельдшеріне Қызылорда облысы ТЖД бірыңғай кезекші диспетчерлік басқармасынан «Самара-Шымкент» трассасы Шіркейлі елді мекені тұсында жол көлік оқиғасы орын алғанды жөнінде ақпарат түсті, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша апаттар медицинасы орталығынан.
Хабар алысымен филиалдың шұғыл әрекет ету бригадасы төтенше жағдай орын алған жерге дер кезінде жетті. Белгілі болғандай Камаз автакөлігі мен HYUNDAI автокөлігі соқтығысу нәтижесінде 1 адам сол жерде қайтыс болған, 2 науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, 1 науқас Облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.