АРНАЙЫ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ–ЖАБДЫҚТАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЗАРДАП ШЕГУШІНІ АВТОКӨЛІК САЛОНЫНАН ШЫҒАРДЫ
Қорқыт Ата көшесінде орын алған жол көлік оқиғасы орын алды. Түнгі үштер шамасында «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі 2014 жылдың 10 тамызында 2 сағат 45 минут шамасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісінен Қорқыт Ата көшесінде жол көлік оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабар түсті.
Жасақ құтқарушылары дер кезінде төтенше жағдай орын алған жерге жетті. Белгілі болғандай 1 адам автокөлік ішінде қысылып қалған.
Құтқарушылар арнайы гидравликалық құрал–жабдықтардың көмегімен зардап шегушіні автокөлік салонынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ
Құтқарушылар арнайы гидравликалық құрал–жабдықтардың көмегімен зардап шегушіні автокөлік салонынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ