ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРҒАНЫ ҮШІН ЕКІ АЗАМАТ ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш адамға қатысты айыптау үкімін шығарды. Олардың біреу3 адам өлтірген үшін, ал екеуі қылмыстың жасалғаны туралы хабарламаған үшін сотталды.
Олардың барлығы сотталушының пәтерінде арақ ішіп отырып, қастарындағы тағы бір танысымен пәтер иесі сөзге келіп, ашумен стол үстінде жатқан пышақты алып, оның кеуде тұсынан қатты ұрған. Жәбірленуші сол сәтте қайтыс болған. Бұл көріністі көрген екеуіне «сендер пәтерден шығып кетіп қалыңдар, мен өзім істедім, істегенімді өз мойныммен көтеремін. Жігітпін, өзім жауап беремін, дәрігерлік жәрдемді де, полицияны да өзім шақырамын» деп айтқан. Олар қорыққандарынан дәл солай істеген.
Сотталушы басты сот талқылауында айыпты мойындамай, жауапкершіліктен қашқысы келгенімен куәлердің жауабы және сараптамалардың қорытындыларымен оның кінәсі толық дәлелденген.
Сот адам өлтірушіні 11 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Қалған екі сотталушыны қылмыстың болғанын жасырып, хабарламағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан шектеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі