ҚОЛЫ ЖЫЛУ РАДИАТОРЫ СЕКЦИЯЛАРЫНА ҚЫСЫЛЫП ҚАЛҒАН
Қызылордада 7 жасар баланың қолы жылу радиаторы секцияларының арасына қысылып қалған, деп хабарлайды «ӨОАЖҚЖ» ММ.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда қаласының тұрғыны Г.Абилова есімді азаматшадан 7 жасар немересінің қолы жылу радиаторы секцияларының арасында қысылып қалғаны жөнінде хабар түскен.
Жасақ құтқарушылары оқиға орнына барғанда 7 жасар қыз бала ойнап жүріп, жылу радиаторы секцияларының арасына екі қолының шынтағын тығып алып, қайта шығара алмай қалғандығы анықталды. Құтқарушылар баланың қолын жылу радиаторы секцияларының арасынан ептілікпен шығарып алды, ата–аналары құтқарушыларға өздерінің алғыстарын білдірді.