ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ЗАТЫН САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 28 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТЫ ҚҰРЫҚТАДЫ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын өткізумен айналысқан 1987 жылы туылған Арал қаласының тұрғынын анықтады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында жоғарыда аталған азамат марихуанна есірткі затын шырпы қорапшаларына салып, 2000 теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Іс сотқа жолданып, соттың үкіміне сәйкес аталған азаматты 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру шешімі шығарылды.
2015 жылдың үш айында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарына байланысты 70 заң бұзушылықты анықтаған. Олардың 6-ы – қылмыс, 44-і – қылмыстық теріс қылықтар деп танылған. Сондай фактінің бірі «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.
Яғни, 2014 жылдың қыркүйек айында, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шиелі ауданы Ботабай ауылынан 43 шақырым жерде орналасқан жыңғыл арасында 1135 түп сора өсімдігін егіп, баптап отырған жерінен Шиелі ауданының 1975 жылы туылған тұрғынын қолға түсірді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары мен сараптама жұмыстары жүргізілді. Іс сотқа жолданып, соттың үкіміне сәйкес кінәлі тұлға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі