ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр іс бойынша үкім жарияланды.
С.К.Хайдаровтың есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтап және өткізіп жүргендігі жөнінде ақпарат түсіп, аталған азамат жедел бақылауға алынған. Оның қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бағытындағы жедел іс-шаралар өткізіліп, белгіленген адамға 1135000 (бір миллион бір жүз отыз бес мың) теңгеге бір полипропилен қапқа және полиэтилен пакетке салынған өзіне тән ерекше иісі бар жасыл түсті шөп ұнтағын (6126,79 грамм марихауана) сатқан кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Сондай-ақ, құрықталған С.К.Хайдаровтің үстіне киген киімінің қалтасынан заңсыз сақтап, алып жүрген 5,6 мм калибрлі атуға жарамды 30-дана оқ дәрілер анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынған.
01 сәуір 2015 жылғы үкімімен сотталушы Хайдаров Сейдалы Каржаубаевич ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде есірткі затты өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, өткізу) және ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен /01.01.2015 ж. дейін қолданыста болған / (атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, бiреуге беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) кінәлі деп танылып мүлкі тәркіленіп, 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі