ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨМІРІМЕН ҚОШТАСПАҚ БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
Қызылордада Сырдария өзеніне секіріп, өмірімен қоштасқысы келген 24 жастағы қызды полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Бұл туралы «24.kz» арнасы хабарлады.
Суға ағып бара жатқан бойжеткенді жақын маңда жүрген полиция патрулі байқап қалып, дереу көмекке ұмтылған. Учаскелік полицей Дәурен Ибатаев және жол полицейлері Мақсат Желдербаев пен Қуаныш Жүсіпов еш ойланбастан суық суға секіріп, батып бара жатқан қызды жағаға алып шықты. Қазір ол қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қыздың өмірін сақтап қалу үшін суға секірген тәртіп сақшылары да дәрігерлердің жіті бақылауында.