ІРГЕТАСЫНЫҢ СӨГІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҒИМАРАТТЫҢ БЕТОНЫ ҚҰЛАДЫ
Қызылордада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйдің бетондарының құлау салдарынан бір адам мерт болып, екі адам жарақат алды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында облыс әкімі аппаратының жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы шұғыл түрде брифинг өткізіп, хабарлады.
Бүгін кешкі 17 сағат 20 минут шамасында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесінде салынып жатқан үйдің 35 пәтерлік 5 қабатты үйдің іргетасының сөгілуіне байланысты ғимараттың үстіңгі қабаттарына салынып жатқан бетон ғимарат ортасына құлағаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнында 10 адам жұмыс істеп жатқан.
Оқиғадан зардап шеккен 1957ж.т. Құдайберген Мырзамбет әртүрлі дене жарақатымен қалалық аурухананың неврология бөлімшесіне жатқызылды және 1971ж.т. Нұрлан Қарымсақов ОМО-мен тексеріліп, үйіне қайтарылды. Оқиға болған жерден ұлты өзбек 27.07.1975 жылы туылған Өткелбек Екамовтың мәйіті табылған. Жаңа құрылыс басында жоғарыда аталған 10 азаматтан басқа жұмыс жүргізген адамдардың болмағандығы анықталған.
Дегенмен, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің кинология қызметімен тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылысты салушы мердігер мекемеге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 279-бабы 1 тармағымен (сәулет құрылыс қағидаларының бұзылу туралы) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық ішкі істер департаментінен 90 адам, 15 техника, төтенше жағдайлар департаментінен 4 техника, 41 адам жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығынан 2 техника, 8 адам, жедел жәрдем қызметіне 3 техника, 9 адам жұмылдырылып, зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның орын алу себептеріне байланысты тиісті зерттеу жұмыстары жүргізіліп, анықталу үстінде. Қорытындысы қосымша хабарланатын болады.
Айта кету керек, құрылыстың бас жобалаушысы «ССК-Проект» ЖШС, бас мердігер «Дәнекер СК» ЖШС, қосалқы мердігер «Ердан и К» ЖШС.
Шынар БЕКБАН